Әлия Әбікен, Қанат Үмбетов - Махаббат мұңсыз болмайды, Неге

Мұңайма жаным, мерейлі,
Шаттық та, мұң да кемиді.
Солтүстіктегі мұхиттың,
Мұзыда бір күні ериді.
Жүректің сенсің сыңары,
Қолыңда сенім шырағы,
Көңілдің мұзы еруге,
Керек-ау жанның шуағы.


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!


Бақыттың дәмі балдай ма?
Табайын іздеп жол қайда?
Өлшеніп берген өмірде,
Өкпелетпесең болмай ма?
Жылайсың, кейде күлесің,
Тоқтатпа тағдыр күресін!
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің?


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!

Главная » Поп-музыка » Әлия Әбікен, Қанат Үмбетов - Махаббат мұңсыз болмайды, Неге