Азамат Абдрахиев – Түсінетін сен ғана | Текст песни

Жалғыз қалған шақтарда,
Тағдыр дәмін татқанда.
Сені іздеймін, сүйіктім,
Бар әлем кірпік қаққанда!

Сенсіз күнім батқанда,
Сенсіз таңым атқанда.
Сағынамын көз ілмей,
Өзіңсіз маған бақ бар ма?

Түсінетін, түсінетін мені жалғыз сен ғана,
Түсінетін, түсінетін сені жалғыз мен ғана.
Білші жаным біздегі бұл сезім – ең дара, ең дара!

Басқаларға ақталма,
Жан-сырыңды ақтарма.
Түсінерсің сен мені,
Өз өзің жауап тапқанда!

Түсінетін, түсінетін мені жалғыз сен ғана,
Түсінетін, түсінетін сені жалғыз мен ғана.
Білші жаным біздегі бұл сезім – ең дара, ең дара!

Главная » Поп-музыка » Азамат Абдрахиев – Түсінетін сен ғана | Текст песни