RaiM - Дем | Текст песни

Жұмағың мен болам
Жүрекпен тең болам
Сенің сыйуың үшін
Құшақты кең қылам
Бәрінен ең қылам
Жаныма ем қылам
Сенің өкпеңе қажет
Өзімді дем қылам (х2)

Кездесу қоштасу
Жек көру ұнату
Көтеріп құлату
Мән бермеу жұбату
Күлдіріп жылату
Тұрғызып қирату
Біз сезген сезімдердің
Айтылмай қаншасы жатыр
Бәріне де төзген сенің
Жүрегіңмен менің жаным
Жарығымды сөндіріп алмай
Үрлегендерден сақтағанмын
Сені жаным жақтағанмын
Сені жаным ақтағанмын
Екеуарамыздағы сырды
Мен ешкімге ашпағанмын
Уәде берем жаным саған
Қалаған жаққа ұшады рейсің
Кетпейтін болады мүлдем
Құшағымда сенің иісің
Мен сенің дәмді тамағынды
Ал сен қалағаныңды жейсің
Сен сондай ғажапсың жаным
Мен сүйетін NBA-сің

Сағыныштан ұшқан
Шоқтардың ұшқыны
Желмен жеттің маған жаным
Болмасын дұшпан
Бақытты құшқан
Берекелі болсын отбасым

Жұмағың мен болам
Жүрекпен тең болам
Сенің сыйуың үшін
Құшақты кең қылам
Бәрінен ең қылам
Жаныма ем қылам
Сенің өкпеңе қажет
Өзімді дем қылам (х2)

Главная » Поп-музыка » RaiM - Дем | Текст песни