Келін түсті, салты ғой бұрынғының, Біздің үйге бірі енді бұрымдының. Ақ ниетпен аттаған босағасын, Ағарып тұр әнекей шымылдығың. Ақ ниетпен аттаған босағасын, Ағарып тұр әнекей шымылдығың. Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда, Қызыл шәлі жүзіңді жасырғанда. Қандай ғана сезімде болдың екен, Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда. Қандай ғана сезімде болдың екен, Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.
Алдыменен өзіңді енең сынар, Емендей боп бұл сынға, ене шыдар. Жас келінге қаттырақ қарағаны, Ширатып бір алайын деген шығар. Жас келінге қаттырақ қарағаны, Ширатып бір алайын деген шығар.
Ерке өскен елімнің елігі едің, Келін бол деп жіберді-ау сені елің. Енең байғұс толқып жүр қайтсің енді, Сен оның ең алғашқы келіні едің. Енең байғұс толқып жүр қайтсің енді, Сен оның ең алғашқы келіні едің. Атасын да осы елдің, анасын да, Сыйлай білгің, ажыратып жатасың ба? Қолдан келсе үлкеннен бата алайық, Ықыласы үлкеннің батасында. Қолдан келсе үлкеннен бата алайық, Ықыласы үлкеннің батасында. Ықыласы үлкеннің батасында.