Мейір Қайрат - Аяулым

Күлімде көрсетпе қайғы түріңнен
Баурайтын жанды нәп-нәзік үніңмен
Жаным сен күлімде

Күніңменен жылытып әр кез нұрыңмен
Келемін саған бір құшақ гүліммен
Мен барда күлімде

Мына бір жалғанда
Өзіңе тең жан бар ма

Айым десем жан айдай қиылған қабағың ба
Күнім десем күнімде шырайлы ажарың ба
Гүлім десем өзіңнің тым бөлек қалауың ба
Күлімде сен қайғы мұң көрсетпей жанарыңнан

Тек бақыт көрейін
Аяулым қабағыңнан

Екеуміз Төлеген Жібек екенбіз
Тарихты бірақ өзгертіп кетерміз
Айрылмай екеуміз

Өтерміз сындардан талай өтерміз
Бақытты күнге біз бірге жетерміз
Жаным сен екеуміз

Мына бір жалғанда
Мұңайма сен мен барда

Айым десем жан айдай қиылған қабағың ба
Күнім десем күнімде шырайлы ажарың ба
Гүлім десем өзіңнің тым бөлек қалауың ба
Күлімде сен қайғы мұң көрсетпей жанарыңнан

Тек бақыт көрейін
Аяулым қабағыңнан

Тек бақыт көрейін
Аяулым қабағыңнан

Главная » Поп-музыка » Мейір Қайрат - Аяулым