RaiM - Ауылымды сағындым, текст песни

Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым

Алло мама қалыңыз қалай
Сіздің Райкошыңыз басқаларға Райм
Қазір жолда тұрмын
Сол баяғыдай
Ия шын айтамын
Жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың
Иісін бауырын
Сағындым шыны керек сағындым
Иісін бауырдың
(сағындым)
Әкеме айтшы мама дайындасын жылқылырын
Шауып қайтайықшы асып дала қырларын
Далада отырып айтатын көп сырларым
Себебшісіз бүгін ерте тұрғаным
Тартылып жүрекке турникке әкем салдырған
Фотодан көрдім ұзарыпты інім балдырған
Шылдыр шүмек тентек інім
Күтіп тұрсыншы алдымнан мені бүгін
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Уақыт өткенін сеземін бірақ
Миыма кірмепті қалай
Ілияс қар тазалайтын жасқа жетті
Қалайша Дияс асау тайларды үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік жүр
Сырт аяз
Шәй әзірлеші мам
Сосын да кір жаясың
Әке балта қайда
Шәй дайын болғанша
Ағаш жарып ломмен мұз ояйын есік алды
Мұзды аяз
Қораға киетін киімім
Ініме шақ болыпты
Мартаның бұзауларымен аула толыпты
Айтпақшы әке жолшыбай Ербол аға жолықты
Мақтады мені кеше теледидардан көріпті
Мама тамағын сол баяғы тәтті
Шыны керек шаршадым
Қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып жоспар құрайық оңашада
Ендігі келінмен
келемін болашақта
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым

Главная » Поп-музыка » RaiM - Ауылымды сағындым, текст песни