Сүйемін дедің,
Сүйгеніме басымды иемін дедің,
Күйемін деп, отын ыстық сезімнің
Қайда кеттің күйдіріп, киелім менің?
Күйгенің қайда?
Сүйгеніңе басыңды игенің қайда?
Шыдай алмай шаршаймын кейде мұндайда
Жүрегімменен, өлеңімменен күлімдеп тұрып,
Сүйгенің қайда?
Сағындым дедің,
Сағыныштан көрмесем жарылдым дедің,
Сарғаямын дедіңде, күзгі қайыңдай
Қайда кеттің сарғайтып, қадірлім менің?
Сағыныш қайда?
Айналдырған басыңды бақ-ырыс қайда?
Мен дегенде көңілің алып ұшпай ма?
Ғашық адамдар, қашық адамдар
Бір-бірін сүйіп, сағыныспай ма?
Сағыныш қайда?
Айналдырған басыңды бақ-ырыс қайда?
Мен дегенде көңілің алып ұшпай ма?
Ғашық адамдар, ғашық адамдар
Бір-бірін сүйіп, сағыныспай ма?